Түлектерге диплом табысталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада университетіміздің ректор өкілі, профессор Женгиз Томар, Жауапты хатшы Гүлнар Абайқызы Байсенкул және Медицина факультетінің деканы Ықылас Сүйіндікұлы Молдалиев құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Биылғы жылы 322 түлек Медицина факультетінен түлеп ұшты. Факультет деканы Ықылас Молдалиев осы уақытқа дейін аталмыш факультететті 5500-ден астам түлек бітіріп, еліміз бен алыс жақын шетелдерде медицина саласында жемісті еңбек етіп жүргенін айтып өтті.
Айта кетейік, түлектер Түркістан қаласындағы орталық Медицина факультетінде бакалавр дәрежесінде 5 жыл білім алды. Ендігі жерде Шымкент кампусындағы 2 жылдық интернатурада білімдерін жетілдіріп, толық санатты маман иесі атанады. Бүгінгі шара барысында студенттік шағында оқуда озат, қоғамдық шараларға белсене араласып жүрген бітіруші түлектер университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.
Бес жылдық білімнің жемісі саналатын дипломды табыстау сәтін тағатсыздана күткен білімгерлердің қуанышында шек жоқ еді. Өз кезегінде студенттер сапалы білім беруге барлық жағдайды жасаған оқу ордамызға, оқытушы-профессорлар құрамына алғыстарын жеткізді.
Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында түлектер ұстаздары мен оқу орнына деген алғысын әнмен жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 864120 631886Greatest fighter toasts ought to entertain and supply prize on your couples. Initially audio system next to obnoxious crowd would be wise to recognize one certain gold colored strategy as to public speaking, which is private interests self. best man jokes 303694

  2. 203150 583874I discovered your blog internet internet site on bing and appearance several of your early posts. Preserve up the very good operate. I just now additional the RSS feed to my MSN News Reader. Seeking toward reading far more on your part down the road! 583528

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.