
Түлкібас ауданының білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы жазғы лагердің ашылу салтанаты өтті. Іс — шараның ашылу салтанатына арнайы Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт мырза сөз сөйлеп, өзінің ыстық лебізін білдірді.
Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында ашылған мектеп жанындағы лагерде ән, би, сурет, шахмат үйірмелеріне қатысып, түрлі іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ, ағаштан әр түрлі бұйымдар дайындауды үйреніп, спорттық шараларға қатысады. Арнайы жасақталған сөредегі кітаптар балаларға түрлі кітаптар оқуына мүмкіндік береді. Балалар мектеп ішіндегі шараларға қатысып қана қоймай ауданымыздың көрікті жерлеріне, мұражай мен саябақтарға саяхат жасайды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.