
15 маусым – Әкелер күні мерекесіне орай Түркістан қаласында ерекше форматтағы “Әке мен бала” отбасылық спорт жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараны Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы өткізді. Жарысқа 10 отбасыдан құралған 5 команда қатысып, өзара ынтымақ пен ептілікті сынға салды. Жарыс бағдарламасына төмендегі спорт түрлері енді:
- Футбол эстафетасы;
- Секіргішпен жарысу;
- Доппен жүгіру;
- Кедергілер жолағынан өту;
- Нысанаға дәл тигізу.
⠀Әр қатысушы – өз баласының алдында батыр, үлгі, жанашыр әке бола білді.
⠀Жарыс қорытындысына сәйкес үздік шыққан отбасыларға арнайы жүлделер мен алғыс хаттар табысталды.
⠀Мұндай игі бастамалар – отбасылық құндылықтарды нығайту, әке мен бала арасындағы байланысты тереңдету және салауатты өмір салтын дәріптеу бағытындағы маңызды қадам. Әке мен бала – бір команда!
Бұдан бөлек Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының қолдауымен Яссы секторының Қазыбек би аллеясында балаларға арналған кезекті спорттық мереке де ұйымдастырылды.
Ашық аспан астындағы бұл шара тек дене шынықтыру емес, жас буынның ынтымағы мен қуанышын арттырған ерекше күн болды. Алаңға жиналған 70-ке жуық бала түрлі ойындар мен спорт түрлеріне белсенді қатысып, ширақтық пен шыдамдылықтарын көрсетті.
Балғындар футбол мен стритбол ойнады, ләңгі теуіп, секіргішпен жарысты. Ұлттық ойындар мен заманауи спорт элементтері үйлесім тапқан бұл алаң – балалықтың шаттығына толы шағын фестивальге айналды.
Еске салайық, маусымның үшінші жексенбісінде Үкіметтің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елде Әкелер күні тойланады. Әлемнің көптеген елдерінде мұндай күндер отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын нығайту мақсатында бекітілген. Қазақстанда аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі. Әкелер күні — жыл сайын көптеген елдерде әкелердің құрметіне атап өтілетін мереке. Мәселен, 1929 жылғы 19 маусымда АҚШ-та алғашқы рет өткізілді. Осы мерекелік шараның ұйымдастырушысы Миссис Доддтан Спокан қаласынан, Вашингтон штаттарынан болған. Ол өзінің әкесі мен баланы тәрбиелеп жүрген барлық әкелергді жоғары бағалайтынын білдіргісі келген. Мерекені ұйымдастырушының әкесін Уильям Смарт деп атаған. Оның әйелі алты жастағы баланың туған күні қыршынынан кетеді. Бірақ жалғыз басты әке 6 баласын жақсы тәрбиелеп шығады. Уильям азаматтық соғыс ардагері болды.
Осы күні АҚШ-та ұлттық мереке 1966 жылы АҚШ президенті Линдон Джонсон маусымның үшінші жексенбісін ұлттық мереке деп жариялады. Дәстүр бойынша, жыл сайынғы мерекелік іс-шаралар кезінде мемлекет қарапайым азаматтар балаларды тәрбиелеп отырған төмен табыстары бар әкеге қолдау көрсетуге асығады. Уақыт өте келе, отбасылық құндылықтарды құрметтейтін басқа елдер де осы күні АҚШ-қа еріп, әке-шешеге құрмет көрсетті.
Қорыта айтқанда, бұл күн — әкелерге махаббаты, шексіз қолдаулары мен бала тәрбиесіне қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс пен ризашылық білдірудің тамаша мүмкіндігі.
Әке болу тек биологиялық байланыс емес, ол күнделікті еңбек пен жауапкершілік. Әкенің міндеті – балаларына үлгі, бүкіл отбасына тірек болу. Күнделікті күйбең тіршілікте және өмірдің қас-қағым сәттік ағынында балаларымыз бізге қарап, ата-анасынан үлгі алатынын есте ұстаған жөн. Олар кеңес пен шексіз қолдауды қажет етеді. Әке – ол өмірлік дос, көмекші, ақылшы.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
