Түркістан қаласында «Заң және тәртіп» апталығы аясында құқықтық мәжіліс ұйымдастырылды

Бүгін  Түркістан қаласы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлесіп, «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі» тақырыбында құқықтық мәжіліс ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Аталған жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құқықтық сана мен заңға бағыну мәдениетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында өткізілді. Апталық шеңберінде 2025 жылғы 23–27 маусым аралығында республика көлемінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мәжіліс барысында аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков апталық аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті:

«Заң — бұл жазалау құралы ғана емес, ол қоғам өмірін реттейтін, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған тетік. Ал тәртіп – осы заң талаптарын күнделікті өмірде мүлтіксіз ұстанудың белгісі. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деді аппарат басшысы.

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әсетұлы бейнематериал арқылы баяндама жасап, адалдық қағидаттары мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы жөнінде кеңінен тоқталды.

Жиын соңында аппарат басшысы құқықтық тәртіп пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында барлық сала мамандарының бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді:

«Қоғамда қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастыру – әрбір азаматтың борышы. Заң мен тәртіпті сақтау – тұрақты дамудың және ел ішіндегі келісім мен бірліктің негізі», – деді Қуаныш Әлібеков.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You