Түркістан қаласының білім бөлімі «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты шара өткізді

2025 жылы халқымыз үшін аса қастерлі дата — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуде. Мереке қарсаңында Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік рухты көтеру және жауынгерлеріміздің ерлігін ұлықтау мақсатында «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты шара өткізілді.

Шараға Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп, Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп және Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектептің 10-11-ші сынып оқушылары Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде болып, әскери бөліммен танысты.

Оқушылар жергілікті әскери бөлімде сарбаздардың күнделікті өмірімен және әскери қызметтің тәртіптерімен танысты. Экскурсия барысында оқушыларға әскери бөлімнің құрылымы, сарбаздардың жаттығулары, күн тәртібі және әскери техника көрсетілді. Сарбаздар оқушыларға өздерінің міндеттері мен машықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, оқушыларға қару-жарақпен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері және алғашқы әскери дайындық элементтері түсіндірілді.

Іс-шара жастардың патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы борыш туралы түсініктерін тереңдетуге ықпал етті.

Экскурсия соңында оқушылар сарбаздармен бірге естелік суретке түсіп, әскери бөлім қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Естеріңізде болса, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық іріктеу туры өткен болатын.
Облыстық әскери шараға 255 оқушы, 50 жетекші қатысты. Әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылары 7 кезең бойынша бақ сынасты.
Олар белтемірге тартылып, арқаға жатып денелерін көтерді. Әскериленгендірілген кросс пен эстафета ретінде жарысып, пневматикалық виновкадан оқ атып жарысты. Бұдан бөлек, арқан тартысып, АК-74 бөлшектеу және жинақтау бойыншп тапсырма орындады. Сондай-ақ, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша да өзара сайысқа түсті.
Басты мақсат — Түркістан облысының әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелеріне қатысушы оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және әскери-патриоттық жұмыстарды жандандыру.
Топты жарып, үздік көрсеткішке қол жеткізгендер республикалық «Айбын- 2025» әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You