
Бүгін Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде «Газель», манипулятор, автовышка, «КамАЗ», 3/1 трактор) жинақталып жатыр.
Әзірге апсыруға дайын техникалар тізімі төмендегіше:
Қоқыс тазалайтын автокөлік – 7 дана;
Қар тазалайтын автокөлік – 5 дана;
Аяқ жол сыпыратын трактор – 4 дана;
Вакуумдық автокөлік – 2 дана;
Сарқынды су желісін тазалайтын көлік – 1 дана;
Тиегіш (погрузчик) – 1 дана;
Тегістегіш (грейдер) – 1 дана.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты мекемелерде 35 техника жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жалдамалы. Жаңа техникалар берілген жағдайда коммуналдық қызмет жұмысы едәуір жеңілдеп, қар күреу, көшелерді суғару, жуу, сыпыру, сондай-ақ сарқынды суды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, жалдамалы техникаларға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік туады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.