Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірдің дайындығын пысықтады

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков индикаторлық жоспардың іске асу сатысы бойынша аудан, қала көрсеткіштерін саралап, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірдің дайындығын пысықтады. Сонымен қатар жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексеріп, жауаптылармен бірге өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылады.

Басқарма басшылары аудан, қалалардағы кенжелеп тұрған бағыттардың көрсеткішіне тоқталып, кемшіліктерді баяндады.

Су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша жұмысты ширату Түлкібас, Бәйдібек, Келес аудандары мен Кентау қаласына ескертілді. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің өзектілігін өзге аймақтардың да назарына салды.

Инвестиция тарту, қарқынды бау, жылыжай шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарларын орындауда аудандар арасында қажеттілігіне қарай тәжірибе алмасу ұсынылды.

– Жиналысты арнайы басқарма басшыларының және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткізіп отырмыз. Кедергілер болса, бірге талқылап, шешу жолын қарастырайық. Жыл басында белгіленген межемен бәріңіз келістіңіздер, ендігі айтқан уәждеріңіз қабылданбайды. Мәселе бөлімдегі мамандарға жүктегенмен шешілмейді. Жауапкершілік өздеріңізден талап етіледі. Сондықтан, кабинеттен шығып, шаруашылықтарды аралаңыздар. Қалыптасқан жағдайды өздеріңіз сараптағанда ғана нақты шешім, ұтымды ұсыныс айта аласыздар, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, келесі кезекте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы баяндалып, нәтижесімен бірқатар тапсырмалар нақтыланды.

Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Тақырыпқа орай ақпарат. Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілу үстінде.

Нақтырақ айтқанда, бүгін Көксу ауылдық округінде дернәсілге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника мен 6 қызметкер бүрку құрылғыларымен жабдықталып, жұмылдырылды. Залалсыздандыру жұмыстары Ұзыната ауылында жалғасты.

Шіркейге қарсы күрес шаралары Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бақылауында. Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You