
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады. Облыс әкімінің айтуынша, өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025-2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында жалпы құны 295,5 миллиард теңгеге 78 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 31 жобаны жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге 60,8 миллиард теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орны құрылған.
– Түркістан – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Біз өнімді шикізат күйінде сатып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында терең өңдеуге басымдық берудеміз. Заманауи технологияр енгізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 миллиард теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды. Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1,3 есе ұлғайды, – деді Нұралхан Көшеров.
Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 миллион АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты. Жалпы өнім көлемі 182,5 миллиард теңгеге ұлғайып, 1 триллион 86,9 миллиард теңгеден асты. Бұл бойынша өңір республикада бірінші орында тұр.
Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылдан 34 мың гектарға артты. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп,
1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 миллион тонна малазықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналған.
Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайды
Облыста өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту жұмысы қарқынды. Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1715 гектарға жетті. Нәтижесінде республикадағы үлесі 76 пайызға өсті. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102 мың тонна көкөніс жиналды. Келесі жылы көлемін қосымша 62 гектарға ұлғайтып, үлесін 80 пайызға жеткізу көзделген. Келес ауданында 500 гектарда «ЕcocultureЕurasia» ірі жылыжай кешені салынуда. Бұл – жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін жоба, 7 мың жұмыс орны құрылады. Биыл жобаның 1-кезеңі іске қосылады.
Бүгінгі күнге жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналды. Жылыжай шаруашылықтары соңғы жылдарда субтропикалық банан, лимон және табыстылығы жоғары құлпынай өнімдерін жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биыл жылыжай шаруашылықтарынан 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон, 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір болып табылады. Заманауи технологияны қолдану арқылы салада терең қайта өндеуді дамытуға күш салынған.
– Өңірдің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Олар: мақта, ет және жүгері кластері. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді, мақта өсіруден бастап, жіп, мата сияқты дайын тоқыма өнімдері өндіріледі. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 миллиард теңге инвестиция тартылады деп күтіліп отыр. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артады. Жылына 229 мың тонна мақта өндіріледі. Биыл пилот ретінде Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді. Түсім өте жақсы болды. 2 мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталуда, – дейді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Облыс әкімінің айтуынша, өңірде жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынуда. Келер жылы наурызда іске қосылады. Құны – 35 миллиард теңге, 251 жұмыс орны ашылады. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Ет кластері бағытында 7 жоба іске асырылуда. Жоба құны – 50 миллиард теңге, қуаттылығы – 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады. Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда. Бүгінде «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бес қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Бұл қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік береді. Етті бағыттағы малды бордақылауға арналған кешенді Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінде «Turkestan Agro.kz» ЖШС биыл ақпан айында іске қосты. Жоба екі бағытты қамтиды: жаңбырлату жүйесін пайдалана отырып, жемшөп дақылдарын өсіру және етті бағыттағы ірі қара малды өсіру. Мал бордақылау және жайылымдық ұстау австралиялық технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.
Әкімдіктің мәліметінше, жобаны іске асырудың бірінші кезеңі 15 мың бас ІҚМ әкелуді көздейді. Биыл жыл соңында бордақылау алаңына тағы 10 мың, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас мал әкелінетін болады.
Сондай-ақ, компания жаңбырлату технологиясын пайдалана отырып, 4,7 мың га алқапта жемшөп дақылдарын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл бордақылау алаңын қажетті мөлшерде азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жобаның құны 16,2 миллиард теңгені құрайды. Кешенді іске қосу 100-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жалпы, кластерлік бағыт, отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында келеді. Республикадағы ірі қара малдың 14% (1109,4 мың бас), ұсақ малдың 22% (4825,6 мың бас), жылқының 11% (486,9 мың бас), түйенің 14% (43,4 мың бас) — облыстың үлесінде. Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді.
Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% — облыстың еншісінде. Осы жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20,0 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуды. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады.
Оған қоса, Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясы ет бағытында ірі құс фабрикасының құрылысын бастады. Жоба құны – 53 миллиард теңге. Мұнда жылына 48 мың тонна құс еті өндіріледі. 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Атап өтерлігі, отандық нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. Бұл бағытта, облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025–2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол карта аясында жалпы құны 295,5 миллиард теңгеге 78 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған (2 652 жұмыс орны, оның ішінде 833 тұрақты, 1819 уақытша). Биыл құны 116,3 миллиард теңгеге 31 жоба жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге құны 60,8 миллиард теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді.
Тиісті кезеңмен салыстырғанда, 10 айда:
Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 155,6 миллиард теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды (112,4%);
Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 миллиард теңге инвестиция тартылып 1,3 есе ұлғайды (130,6%); Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 миллион АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты (110,4%).
Жалпы өнім көлемі 182,5 миллиард теңгеге ұлғайып 1 триллион 86,9 миллиард-ты құрады, үлесі Республика алғашқы орында. Жыл қорытындысына сәйкес, жалпы өнім көлемі 1 триллион 207 миллиард теңгеге, нақты көлем индексі 105% жеткізіледі.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш жылда тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр.
– Мемлекет басшысының су үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Су үнемдеу жүйелерін қолдану ағын суды екі есеге дейін үнемдеп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін үш есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Түркістан облысы еліміздегі суармалы жерлердің төрттен біріне иелік етеді. Суармалы алқаптардың жалпы көлемі 554 мың гектарды құрайды. Биыл 27 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, 59 мың гектарға орнатылды. Жоспар артығымен орындалды. Су үнемдеу технологиялары енгізілген жалпы жер көлемі 114 мың гектарға жетті, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Суару технологияларының қолжетімділігін арттыру үшін өңірде алты кәсіпорын ашу қолға алынған. Олардың 4-еуі іске қосылды, алда тағы 2 кәсіпорын ашылады. Нәтижесінде 364 мың гектарға су үнемдеу технологиясымен қамтамасыз ету мүмкін болады. Болашақта бұл кәсіпорындар облысты және көршілес өңірлерді толық қамтамасыз етеді.
Отырар ауданында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы күріш өсіру жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны 7 миллион АҚШ долларын құрайды. Тамшылатып суару технологиясын қолдану нәтижесінде өнімділік артып, су екі есе үнемделген.
Облыс аумағында ағын суды жеткізетін ұзындығы 12 731 шақырымды құрайтын 4 180 канал бар. Каналдардың 76 пайызының тозығы жеткен. Осы мәселені шешу мақсатында кешенді жоспар қабылданып, Ислам даму банкінің қаржысы есебінен 302 су нысанын жөндеу көзделген. Бұл жұмыстар аяқталған соң каналдардың тозу деңгейі 50 пайызға дейін төмендейді.
Бұдан бөлек, өңірде жалпы сыйымдылығы 121 миллион текше метр болатын төрт су қоймасын салу жоспарланған. «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы жүргізілуде. «Боралдай» және «Иқан су» қоймаларының жобалары әзірленуде. «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары іске қосылғанда Түркістан қаласы мен бес аудан тұрақты түрде 113 миллион текше метр сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 16 мың гектарға жуық жердің су қамтамасыз етілуі жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін жылына 200 миллиард теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Берілген шаралар су ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және өңірдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанаржағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (жоспар — 190 мың тонна).
Жалпы 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артып отыр. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айына 2 329 жобаға 26,4 миллиард теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан 1,6 есе артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5,8 миллиард теңге (262 жоба); «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ»ЖШС арқылы 12,7 миллиард теңге (1704 жоба); «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 8,0 миллиард теңге (363 жоба). Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қолданыста 25 мың бірлік техникалар бар. Оның ішінде, 16 мың трактор, 1,8 мың комбайн және 11,6 дана қосалқы агрегаттар бар.
Бүгінгі күнге тауар өндірушілер 1 531 дана жаңадан техникалар сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8%-ды құрады. Жыл соңына дейін 10%-ға дейін жаңалау қамтамасыз етілетін болады. Биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС арқылы 470,0 миллион теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданында «Мақталы Жер» ЖШС МТС-і құрылды. Серіктестіктің жалпы 87 бірлік техникалары бар (Несие қаржы есебінен 37 бірлік сатып алынды).
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 2 056,3 миллиард теңгені құрады. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген өңім көлемі 4 387,8 миллиард теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады (2-орын). Биылғы қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында 593,2 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 111,2% құрады. 10 ай қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы өңірлері арасында өсім бойынша 5 орын. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс аумағында 350 аса өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары белсенді жұмыс жасайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
