Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы «Тұран су» мекемесінің өндірістік-техникалық базасында параболалық лоток өндірілмек

Ордабасы ауданындағы Қарақұм елдімекенінде жалпы 2 гектар аумақта орналасқан “Тұран су” ШЖҚ МКК-нің өндірістік-техникалық базасы мекеме техникаларына қызмет көрсетіп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Қазіргі таңда «Тұран су» мекемесінің теңгерімінде 81 арнайы техника бар.

Сонымен қатар, бұл базада параболалық лоток өндіретін құрылғылар да орнатылу үстінде. Жұмыс аяқталуға жақын. Іске қосылғанда аталған өндіріс орны тәулігіне 30 параболалық лоток шығаратын болады. Параболалық лоток арық-атыздарға орнатылып, ағын судың шаруаларға шығынсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді.

«Тұран су» мекемесі облыс бойынша жыл басынан бері 236,7 шақырым каналды механикалық тазалаудан өткізсе, оның 111,4 шақырымы Ордабасы ауданына тиесілі.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You