
Бүгін Ордабасы ауданының орталық ауруханасында «Дәрігер — балалардың жанашыры» ұранымен «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Ашық есік өткізілді.
Іс-шарада балалар хирург, кардиолог, невропатолог, эндокринолог сынды мамандардың қабылдауында болып, тиісті кеңестерін алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын сыйлықтар табыс етті.
Арнайы шараның мақсаты балалар мен ата-аналардың салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру, балалар денсаулығына қамқорлық жасау, спортпен шұғылдануды, еңбек және демалыс режимдерін сақтауды дамыту болып табылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.