Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Күміс жас» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді

Зейнет жасына таяған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы өңірлерде сәтті жүзеге асырылып келеді.

Аталған бастама арқылы жұмыссыз жүрген егде жастағы азаматтар қайта еңбек нарығына тартылып, қоғамға белсенді араласу мүмкіндігіне ие болуда.

Аталған «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан Ержан Абдухманов Темірлан ауылындағы “Елнұр-Айдар” ауыл шаруашылығы кооперативіне жұмысқа орналасты. Бүгінде ол жылыжайда лимон ағаштарына күтім жасап, қураған бұтақтарды қырқу және арамшөптерді отау сияқты жұмыстармен айналысады.

«Қоғамға қажет екеніңді сезіну – үлкен қуаныш. Бұл жоба бізге екінші тыныс сыйлады», – дейді Ержан аға.

«Күміс жас» – зейнет жасына таяған жандарға арналған маңызды бастама. Бұл жобаның арқасында олар кәсіби тәжірибесін іске асырып, тұрақты табысқа қол жеткізе алады.

Аға буын – қоғамның алтын діңгегі. Олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесі жастарға әрқашан үлгі екенін жоққа шығаруға болмайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You