
ҚР «Ауыл спорты қоғамы» ҚБ төрағасының, Жанұялық футбол клубының, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Тараз қаласының “Жастар” стадионында еліміздің барлық аумақтарынан жанұялық командалар қатысқан кіші футболдан республикалық турнир өткен болатын.
Аталған дүбірлі додада Ордабасы ауданының Бадам елді мекенінен Базарбаевтар әулеті Түркістан облысының намысын қорғап, жүлделі 1-орынды иеленді. Аудан әкімі Азат Оралбаев аталған Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты республикалық турнирдің жеңімпаздары Базарбаевтар әулетін марапаттап, үздіктерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат тапсырды.
Аудан басшысы республикалық жарыста жалғыз бір әулеттің емес, Түркістан өңірінің де абыройын көтерген жеңімпаздарға алғысын білдіріп, салауатты өмір салтын ұстанған шаңырақтың жетістігі барлық отбасыларға өнеге, үлгі екенін атап өтті.
Айта кетейік, сонымен қатар жеңімпаз отбасыдан Нұртілеу Базарбаев республикалық турнирде қарсылас командалардың қақпасына 12 гол соғып, «Үздік шабуылшы» атанды. Сондай-ақ, жоғарғы дәрежеде ойын өрнегін көрсеткен жас талант иесі финалдық ойында жалғыз жеңіс голын салған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.