
Бүгін әуелі аудан әкімі Азат Оралбаев аудандағы Төрткүл ауыл округіне барып, бірнеше нысанды аралап, олардың қас келбет жағдайын назарға алды.
Сапар барысында ауылдың негізгі көшелері, қоғамдық орындары, спорт және мәдениет нысандарының жағдайына ерекше мән берілді. Сондай-ақ, сауда орындарына барып, сауда иелерінің ұсыныстары тыңдап, пікір алмасты.
Жауапты қызметкерлермен бірлесе отырып, аудан әкімі жол жиегіндегі бордюрлерді реттеу, көшелердің жарығын қадағалау, тротуарларды қалпына келтіру, ағаштарды суару, шөптерді тазалау, қақпалар мен қоршауларды сырлау, көгалдарды суаруды ұйымдастыру және декоративті ағаштарды эстетикалық жағынан ретке келтіру сияқты жұмыстардың жоспарын талқылады.
Сонымен қатар, бұл жұмыстарға жұмсалатын қаржы есебін жасау, смета құру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар ауыл сыртындағы алқапқа бағыт бұрып, ондағы шаруалардың тамшылатып суаруды енгізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Сапар соңында аудан әкімі ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырудың аса маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан округіне қарасты аумақта орналасқан, балалар жазғы сауықтыру лагеріне барып, нысанда жүргізіліп жатқан жаңарту және реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы мердігерлермен кездесіп, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жауапты қызметкерлермен балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізу үшін қажетті бұл нысандағы инфрақұрылым жағдайын талқылады.
Лагерьдің жаңаруы балаларға арналған ерекше мүмкіндік екенін айтып, қажетті қолдау көрсетуді әкімдік қызметкерлеріне жүктеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.