
Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Олардың құқықтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, келеңсіз жайттардан сақтап, жарқын балалық шақ сыйлау – баршамыздың азаматтық борышымыз.
Осы мақсатта Отырар ауданында кеңейтілген жиын өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудан прокуратурасының прокуроры А.Сұлтанғалиұлы, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Кемелханов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев, білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ бөлім қызметкерлері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына қатысты құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын үйлестіру болып табылады.
Алғаш болып сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол биылғы оқу жылында аудан бойынша 11-сыныпты 853 оқушы аяқтайтынын, олардың ішінде 88 түлек «Алтын белгіге», 49 түлек Үздік аттестатқа үміткер екенін атап өтті. Сонымен қатар, биылғы оқу жылының көрсеткіштері де өткен оқу жылынан төмен болмайтынын жеткізді.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, әлімжеттік, төтенше жағдайлардың алдын алу, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы теріс діни ағымдар мен қауіпті сайттарға кіруінің алдын алу, суицид пен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы профилактикалық жұмыстар аясында атқарылған іс-шаралар таныстырылды. Атап айтқанда, «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» акциясы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілген.
Жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев жазғы демалыс уақытында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмаған балалардың көлік құралдарын басқармауын қадағалау, балалардың түнгі мезгілде ата-анасының рұқсатынсыз жүруіне жол бермеу секілді мәселелер бойынша хабарлама жасап, әр баланың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.
Сонымен қатар, жиында сөз алған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Кемелханов жаз мезгіліндегі суға шомылу қауіпсіздігі мәселесіне ерекше тоқталып, сынып жетекшілерге оқушылар мен ата-аналар арасында суға шомылу ережелері бойынша түсіндіру сабақтарын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, суға шомылу тәртібі мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне де назар аударды.
Естеріңізде болса, сәуір айының 15-інде аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы Сарыкөл, Ергөбек негізгі мектептері мен Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.
Күн тәртібінде мектеп оқушылары арындағы құықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сабақтан тыс уақытта уақытын тиімді пайдалану, әлімжеттік мәселелірінінің алдын алу сынды тақырыптары қозғалды.
Жиын барысында алдымен білім беру ұйымдарының басшылықтарының 2025 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Одан әрі аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахмет Арын жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жай-күйі, мектеп формасын сақтау, балалрдың қауіпсіздігін сақтау туралы баяндама жасады.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуды ұйымдастыру мәселелерінде туындаған қиындықтарды жан-жақты талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Комиссия төрағасы Айдос Құлмаханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардын аулақ болуы, ертежүктіліктің алдын алу, мектеп формасын сақтау, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Жиын қорытындысына сәйкес өз жұмыстарына немқұрайлылық танытып, кемшіліктерге жол берген жауапты мамандар мен сала басшыларына тәртіпті шара қолдану бойынша ұсыныс енгізіліп, жұмыс нәтижесін баяндау бойынша хаттамаға енгізілді.
Ал бұл жиынның соңында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ұлы ойшыл Әл-Фарабидің: «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөзін мысалға келтіріп, қорытынды мемлекеттік емтихандардың өз деңгейінде өтуін, білім сапасының жоғары болуын және оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылықпен бар күш-жігерді жұмсауға шақырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.