
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ—нің жұмыс жоспарына сәйкес, Жамбыл атындағы мектеп лицейі ғимаратында және Отырар аудандық Полиция ғимаратында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Айбек Тағай, ішкі саясат бөлімінің мамандары, ауданның бас имамы Абусейыт Бақыт Нәсірұлы және ауыл округтік имамдар, Отырар аудандық АТТ мүшелері қатысты.
Жиын барысында дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен «Youtube» видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралғандығы, облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат бере отырып, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Сонымен қатар, қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесу соңында жиынға қатысушы азаматтарға, арнайы сертификаттар таратылып, қойылған сұрақтарға дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.