
Бүгін осыдан бір апта бұрын бастау алған 2013 жылғы туған жасөспірімдердің ауылдық спорт мектептерінің командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталған чемпионатқа Түркістан, Ұлытау, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Отырар ауданы командалары өзара айналмалы жүйеде бақтарын сынады.
Жарыстың мақсатын салауаты өмір салтын ұстап, бауырлық, достық қарым-қатынасты арттыру болды.
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі Ақтөбе облысынан келген аяқдопшылар ІІІ–ші орынды қанағат тұтса, Отырар ауданы атынан қатысқан комманда ІІ-ші орынды иеленді. Чемпионатта өздік ойын көрсетіп, бағы оза шапқан Түркістан облысының атынан қатысқан Қазақстан Республикасы чемпионаттың І-ші орын иегері атанды.
Марапаттау рәсімінде Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, қасиетті Отырар жерінде жарыстың өтуіне ықпал жасап, сенім білдірген «Қазақстанның Футбол Федерациясы» қауымдастығына және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап, жасөспірімдерді спорттық іс-шараларға тартудың маңыздылығын атап өтті. Шара соңында жеңімпаз командалар кубок және медальдармен марапатталды.
Бұдан бөлек Отырар ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен көру мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында аудан, қалааралық облыстық спартакиада өтті. Бұл шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, өздеріне сенімділігін нығайту, олардың спортқа деген қызығушылығын ояту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Спартакиадаға Түркістан қаласы, Кентау қаласы, Созақ және Отырар аудандарынан келген спортшылар қатысып, дойбы, шахмат және қол күрес секілді спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Жарыс бірнеше кезең бойынша өтіп, қатысушылар тартысты ойын көрсетті.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай спорттық бәсекелердің ерекше қажеттіліктері бар жандардың әлеуетін арттыруға септігі зор екенін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындық танытып, өздерінің жігері мен қайсарлығын көрсете білді
Аталған спартакиада – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз-өздеріне деген сенімділіктерін күшейтіп, қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік-спорттық шаралардың бірі болды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.