Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысына жауапты екенін ескертті

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте мақсатына сай игерілмеген жерлерді қайтару және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Әшір аудан аумағында мақсатына сай игерілмеген жерлерді қайтару мәселесі бүгінгі күнге өзекті екенін атап өтіп, атқарылып отырған жұмыстарын баяндады.

Мұнан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Кизбаев жалпы жыл басынан бастап аудан әкімінің төрағалығымен өткен лездемелік және ауыл тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндап, дербес бөлім басшылары мен ауыл округтері тарапынан орын алған кемшіліктер туралы атап өтті.

Мәжілісте аудан басшысы Қайрат Жолдыбай берілген жоспарлы тапсырмалардың орындалуына тоқталып, ауылдық округі әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларына нәтижелі жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Салаларға қатысты көрсетілген кемшіліктермен нақты жұмыс жүргізуді тапсырып, жұмыс өз деңгейінде атқарылмаған жағдайда салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарынан бастап жауапты басшыларға дейін шара көрілетіндігін ескертті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You