Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі кезекті жеке қабылдауында жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді

Отырар ауданы әкімінің ашық форматтағы жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 14 азамат өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, шешімін табуына қолдау көрсетуін сұрады.

Қабылдауға құқық қорғау органдарының өкілдері және аудандық бөлім басшылары мен жауапты ауыл әкімдері қатысып, мәселелердің тиістілігіне қарай жауап беріп отырды. Аудан басшысы әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, оларды тиімді шешу жолдарын түсіндірді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі әлеуметтік көмек алу мен ағын су, жайылымдық жер мен тұрғын үй алу, жұмыссыздық пен жолдарды жөндеу, электр жарығының жиі сөнуі секілді мәселелер болды.

Тұрғындарды мұқият тыңдаған аудан әкімі әрбір мәселені жан-жақты қарап, заңдылығына қарай жауап берді. Бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тауып жатса, кейбір мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, өз бақылауында болатынын жеткізді. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер мен өтініштер хаттамаға енгізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You