
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде аудан көлеміндегі бюджеттік мекемелердегі жылыту маусымына дайындық шаралары мен елді мекендерді газдандыру жұмыстарының барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі таңда қысыммен тексеру (опрессовка) мен шаю, қазандықтарды жөндеу және дайындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қатты және сұйық отынға қажеттілік нақтыланып, тасымалдау тамыз айында басталуы жоспарланып отыр. Ал, газ жүйесіне қосу, электрмен жылытылатын нысандардың жүйелерін ретке келтіру және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар да жалғасын тауып келеді.
Аталған мәселелерге байланысты аудан басшысы жұмыстарды ширату керектігін айтып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық іс-шаралардың бекітілген мерзімде әрі сапалы орындалуын тапсырып, сала орынбасарларына аталған жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
