Түркістан облысы: Отырар ауданының жұртшылығы халықаралық турнирдің жеңімпаздарын күтіп алды

Мамыр айының 29-31 күндері Ресейдің Омбы қаласында қазақ күресінен 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасында тұңғыш рет халықаралық турнир өткен болатын. Аталған жарысқа 170-тен аса спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы атынан аттанған Отырар ауданының жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медалға ие болып, патриоттық сезімді асқақтатып, аудан мерейін үстем етті.

Бүгін Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы барып күтіп алды. Шараға аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Төрехан Амантай, аудандық мәслихат дептутаттары Бекзат Тукеев пен Бекман Акинбеков, спорт мектетері мен білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар қатысып, құттықтау тілектерін жеткізді.

Айта кету керек, Ресей елінде өткен, қазақ күресінің абыройын өсірген халықаралық турнирде Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Базарбай Айсұлтан мен Арқабай Нұрислам – 1-ші орын, С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Нысанәлібек Сырым – 1-ші орын, Қасымқұл Рахым – 2-ші орын, Айтжан Қасымжомарт 3-ші орын, А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Сағыныш Аманкелдиев – 1-ші орын, Тұрарбек Мұрат – 2-ші орын, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Бейсенбай Тұрсынбек – 1-ші орын, Отырар жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Бекәділ Есім – 1-ші орын, №1 жайлы мектептің оқушысы Нұрбақыт Құлмаханов – 3-ші орын, Көкмардан жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Нұрмахан Азамат 3-ші орын иегерлері атанды.

Аудан әкімінің орынбасары жас спортшылардың жеңісті қадамдарына сәттілік тілеп, ел мерейін бұдан да үлкен жарыстарда асқақтата беретініне сенім білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You