Түркістан облысы: Сауран ауданында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды

Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалау мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев пен Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ермек Өсербаев, Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков пен аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Д.Балданов қатысып, жол қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігі жөнінде айтып, аталған шараның жалғасатындығын жеткізді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын, көлік құралдарының техникалық жағдайын, қауіпсіздік белдіктерін қолдану тәртібін тексерді. Сонымен қатар, жол жүру ережелері туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Аталған іс-шара аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You