
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Сауран ауданында «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Түркістан облысы филиалының Сауран аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі мен Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, шетелге шығу үшін құжаттарды рәсімдеу сынды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, кеңестер ұсынды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, электрондық қызметтерді пайдалану тәртібі және шағымдану тетіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Іс-шара халықпен кері байланысты нығайтуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Естеріңізде болса, 31 мамырда Сауран ауданының тұрғындарына «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.
Осыған сәйкес, 2025 жылғы 4 маусым күні сағат 11:00-де Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі, №30 мекенжайында орналасқан Сауран ауданы әкімдігі ғимаратында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтеді.
Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады» деген тұрғыда құлақтандыру жасалған болатын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.