Түркістан облысы: Сауран ауданында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Осы жоспар аясында Сауран ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Асқар Дайрабаев пен бөлімнің бас инспекторы Ермек Өмірбеков Бабайқорған ауылдық округі әкімі аппаратында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер қаралып, әкімдік ғимараттарының мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі зерделенді.

Қоғамдық бақылау нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшыларына ескертулер жасалып, алдағы уақытта оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You