
Сауран ауданына қарасты Жаңа Иқан ауылдық округінің жайылымдық жерлеріне марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев арнайы аймаққа барып, тиісті тапсырмалар берді. Жалпы өңделетін 400 гектар аумаққа дәрі техникалар арқылы себіліп жатыр.
Аталған дәрі — ауыл шаруашылығы саласында қолдануға рұқсат етілген және адам мен мал үшін қауіпсіз деп танылған. Бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын алуға бағытталған.
Өңдеу жұмыстары кезінде “Тиаметрин” атты инсектицид қолданылады. Бұл препарат 1000 литр суға 3,33 литр мөлшерінде араластырылып, дайындалған ерітінді әр 10 гектарға шашылады. Осыған орай, 400 гектар жерге қажет мөлшерде дәрі дайындалып, тиісті техникалар арқылы себілуде.
Аталған дәрі ауыл шаруашылығы саласында қолдануға рұқсат етілген және адам мен мал үшін қауіпсіз деп танылған. Дегенмен, дәрі себілген аумаққа уақытша жақындамауға, мал жаймауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Бұл іс-шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалды болдырмауға бағытталған.
Барша тұрғындардан сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
2024 жылы марокко шегірткесінің дернәсілдеріне 33 мың гектар жайылымдық жерлерде анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қорытындысында, шегірткелердің таралуы 8 815 гектарға жеткен. Оның ішінде 5 515 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, шегірткелердің көбеюі мен таралуы тоқтатылған.
2025 жылға арналған жоспар бойынша, аудандағы 715 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың мақсаты – ауылшаруашылық өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету және фермерлердің табысын қорғау. Әкім аппаратында өткен мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жергілікті жерлерде осы жұмыстарды жедел түрде жүзеге асыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, нәтижелерді қадағалау үшін арнайы мониторинг жүргізуге тапсырма берді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.