
Түркістан облысы Әділет департаментінің өкілдері Сауран ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бағытында жүргізіліп, қазіргі таңда кеңінен қолданылып жатқан «E-Otinish» ақпараттық жүйесінің функционалы, мүмкіндіктері мен тәжірибелік қолдану тәртібі кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар аталған жүйе арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қалай жүзеге асырылатыны жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
Сонымен қатар, іс-шарада Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормалары талқыланды. Кодекстің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені айтылды.
Семинар барысында нақты практикалық жағдайлар негізінде мысалдар келтіріліп, қатысушылар өтініштерді қабылдау, тіркеу, қарау және жауап беру тәртібіне қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Мұндай оқыту шаралары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеруге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және халықпен тиімді кері байланыс орнатуға ықпал етеді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.