Түркістан облысы: Сауран ауданында шомылу маусымына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

Жаз мезгілінің басталуымен бірге шомылу маусымы да ашылды. Осыған байланысты Сауран ауданында су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қолға алынуда.

Аудан аумағында орналасқан су қоймалары мен каналдар, өзен-көлдер маңындағы орындар толық тексеруден өткізілді. Қазіргі таңда жауапты мекемелер мен тиісті қызметтердің қатысуымен шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар нақты анықталып, арнайы белгілер орнатылып жатыр.

Аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар бөлімі су маңында, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады. Атап айтқанда, балаларды суға жалғыз жібермеу, белгіленбеген орындарда шомылмау және үрлемелі құралдарды пайдалану кезінде аса сақ болу – әр азаматтың ортақ міндеті.

Сонымен қатар, судағы тәртіпке бағынбау салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жадынамалар таратылып, бейнероликтер мен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілуде.

Сақтық – қауіпсіздік негізі!

Су сергектік пен серуеннің мекені болғанымен, ережені елемеген жағдайда қатер көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғыннан жауапкершілік пен тәртіп талап етіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You