Түркістан облысы: Сауран ауданында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты назарда тұр

Сауран ауданында жазғы шомылу маусымына орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жаз мезгілі басталысымен суға шомылу кезеңі де белсенді түрде басталады. Осыған байланысты ауданда су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шараға төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті полиция, медицина мамандары және еріктілер тобы тартылды. Негізгі мақсат тұрғындардың, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету һәм жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады.

Түсіндіру жұмыстары барысында мамандар суға шомылуға тыйым салынған орындарда шомылудың қауіптері туралы айтты. Қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, суға батып бара жатқан адамға көмектесу ережелері және апаттық жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы нақты әрі түсінікті ақпарат берілді. Сонымен қатар, арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.

Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары жаз бойы жалғасады. Аудан аумағындағы барлық су айдындарында бақылау күшейтіліп, профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You