Түркістан облысы: Сауран ауданында терроризмге қарсы күрес бағытындағы кеңейтілген мәжіліс өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісі ұйымдастырылды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі Бақытжан Букебаев пен ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сауран ауданы бойынша бөлімінің қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен салалық бөлім басшылары, сондай-ақ аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Аса маңызды нысандардың террористік тұрғыдан қорғалу жай-күйі және терроризмге қарсы техникалық құралдармен жабдықталуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы заңнамаларының орындалу барысы талқыланды.

Мәжіліс барысында аталған мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар айтылып, проблемалық тұстар мен оларды шешу жолдары ұсынылды. Бақытжан Букебаев жиынды қорытындылай келе, терроризмге қарсы күрес барша мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол жауапты мекемелерге заң талаптарын қатаң сақтай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және тиісті іс-шараларды жүйелі жүргізуді тапсырды.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You