Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған екі азаматтың төрт түрлі мәселесі қаралды.

Азаматтар көтерген сұрақтар негізінен жол жөндеу, интернет желісімен қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі және жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар, бір азамат жер телімін заңдастыру бойынша сот шешімінің орындалмауына шағымданды.

Көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеліп, атқарылған жұмыстар туралы түсіндірме берілді. Әкім барлық ұсыныс-өтініштердің бақылауға алынатынын атап өтіп, тұрғындардың талап-тілегі заң аясында шешілетінін жеткізді.

Аудан әкімінің жеке қабылдауы тұрақты түрде әр аптаның жұма күні, сағат 11:00-13:00 аралығында жалғасатын болады.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You