Түркістан облысы: Сауран ауданының әкімі Шаға ауылдық округінде есеп беру кездесуін өткізді

2025 жылдың І жартыжылдығына арналған есеп беру кездесуі аясында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шаға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында ауылдық округ әкімі Ырысқали Жұманов баяндама жасап, соңғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

Ол өз баяндамасында ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерді атап өтіп, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

Кездесу еркін әрі ашық форматта өтті. Тұрғындар ауыл тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, жол жөндеу, ауыз су мәселесі, интернет байланысын жақсарту және ауылдағы санитариялық тазалықты жүйелі ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, халықпен кері байланыстың маңыздылығын еске салды.

«Біздің міндетіміз – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ол үшін халықтың ұсыныс-пікірін ескере отырып, әр ауылдың дамуына жағдай жасауымыз қажет», – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шаға демекші, күні кеше ғана Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте: «Ауданға қарасты Шаға ауылдық окугінде келесі жылы «Eco-Chiken» ЖШС өз жұмысын бастамақ. Ет бағытындағы құс фермасының жоба құны 2,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Өндіріс орны толық іске қосылған соң, тек облыс көлемінде ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне құс етін эспорттауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, «Ақ Сауран» ЖШС-нің құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын 700 гектар аумаққа жаңбырлатын суару қондырғысын орнату жобасы да жыл соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Бұдан бөлек, бірнеше ірі мал бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосарына күмән жоқ», — деген болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You