
Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында ауданның түрлі елді мекендерінен келген азаматтардың өтініштері тыңдалып, нақты шешу жолдары қарастырылды.
Жалпы қабылдауға 5 азамат қатысып, 8 түрлі мәселе көтерілді. Тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу мен ауылішілік жолдарды жөндеуге, көше шамдарын орнату мен шибөрілерден келетін қауіпсіздікке, жер телімінің құжаттарын заңдастыру мен ауылдық жерлерге инвестиция тартуға, сондай-ақ электр жарығы мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді алға тартты.
Аудан әкімі әрбір мәселені жеке қарастырып, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, олардың заң аясында шешілуі қамтамасыз етілетіні аталып өтті.
Мұндай қабылдаулар азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдауға және жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Назар аударар жайт, жеке қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.