Түркістан облысы: Созақ аудандық мәслихатының кезекті сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов пен аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, бөлім, мекеме басшылары және ардагерлер қатысты.

Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы, аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығының атқарған жұмыстары, Мансап орталығының және Созақ ауылдық округі әкімдігінің есептері қаралды. Сондай-ақ бірқатар ауыл көшелеріне атау беру, әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындау және аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құрамын өзгерту туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, нашақорлықтың, сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың құрамына енгізілетін өзгерістер бойынша хабарламалар тыңдалды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданндық мәслихат депуттары тарапынан сауалдар жолданып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жалпы сессия жұмысында мәслихат депутаттары 12 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылданды.

Шешім демекші, Созақ ауданында жаңа заң талаптары түсіндірілуде. Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысы азаматтық қорғау саласындағы құқықтық жүйені жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заң азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, қызметкерлердің құқықтық мәртебесін көтеруге, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуге, азаматтық қорғанысты дамытуға бағытталған.

Қазіргі уақытта аудан көлемінде Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан жаңа заңның нормаларын түсіндіру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You