Түркістан облысы: Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату.

Аталған іс-шараға Созақ аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және Созақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Созақ ауданының ХҚК бойынша және Созақ аудандық көші- қон қызмет тобының жауапты мамандары қатысты. Іс-шара аясында «Тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпапақтар азаматтарға таратылды.

Естеріңізде болса, маусымның 2-сінде Созақ ауданының тұрғындары үшін «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспар» аясында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.

Осыған сәйкес, 2025 жылғы 4 маусым күні сағат 11:00-де Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Сұлтанбек Қожанов көшесі, №94 мекенжайында орналасқан Созақ ауданы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Созақ ауданының ХҚК бойынша бөлімінің ғимаратында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өтеді.

Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады» деген мәтінде хабарландыру жасалған болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You