Түркістан облысы: Созақ ауданында қоғамда заң мен тәртіп идеологоясын ілгерілету жөнінде форум өтті

Бүгін «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында форум өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Кунтуқызы ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің басты мақсаты — құқықтық мәдениетті арттырып, тұрғындарға заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтардың заңға деген құрметін күшейту және тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу.

Мобильді топ құрамында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің офицері Мұхаммедали Аханұлы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеу басқармасының АМІЖ тергеушісі Нұрбақыт Нысанбайұлы, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Мұхтар Беркімбайұлы және Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы болды.

Кездесуде алғаш сөз алған Нысанбек Мұхаммедали интернет алаяқтықтың бүгінгі таңда қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол азаматтарды бейтаныс сілтемелерге өтпеуге, өз жеке деректерін күмәнді тұлғаларға бермеуге, әсіресе қаржылық операцияларға сақтықпен қарауға шақырды. Сонымен қатар соңғы уақытта кең таралған «дроппер» деген алаяқтық схемасы туралы кеңінен түсіндіріп, бұл жүйеге қалай алданбауға болатынын нақты мысалдармен жеткізді.

Естеріңізде болса, кеше ауданда «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында бекітілген апталық жоспардың «Қоғамға қызмет ету» тармағы бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері халыққа мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе жер мәселесі, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құқықтық кеңес алу, кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және құқықтық көмек көрсету бойынша сұрақтар қойып, тиісті сала мамандарынан сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар, мобильді топ мүшелері тұрғындарға заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті кеңестер берді.

Сөз соңында қоса кетер ақпарат, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ағымдағы жылдың 2 шілдеден бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілмек. Ішкі талдау жұмыстары 2 шілде – 13 тамыз аралығында жүргізіледі.

Егер де Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен жайларға жолдауыңызды сұраймыз. Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша төменде көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласа аласыз. Байланыс телефоны: 87254641497. Электронды пошта: gkp.sholakkorgansu@mail.ru.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You