
Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Мәселен, жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 27 миллиард 630 миллион 586 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 124,4 пайызға немесе 5 миллиард 417 миллион 724 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды.
Оның ішінде трансферттер 8 миллиард 340 миллион 780 мың теңгені, өзіндік кірістер 19 миллиард 289 миллион 806 мың теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 23 миллиард 126 миллион 378 мың теңгені құрап, 99,9 пайызға игерілді.
Жалпы өңірлік өнім, инвестицияға келсек, 2024 жылдың қорытындысына сәйкес ауданда 801 миллиард 936 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызға немесе 106 миллиард 131 миллион теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 240 миллиард 495 миллион теңге инвестиция тартылды, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 203 пайызға немесе 121 миллиард 999 миллион теңгеге артты.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша негізгі капиталға 1 миллиард 315 миллион теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 109,5% орындалды (жоспар 1 миллиард 200 миллион теңге).
Тамақ өндірісіне 211 миллион теңге инвестиция тартылып, 100% орындалды (жоспар 211 миллион)
14 638 гектар егістік жер игеріліп, 101,9% орындалды, (жоспар 14 363 гектар).
37 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 102,7% орындалды.
Су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша 201 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 100,5 % орындалды (жоспар 200 гектар).
Сонымен қатар, 2024 жылы 12 042 тонна ет, 7 548 тонна сүт, 1 947 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, жыл қорытындысына сәйкес ауданда 31 621 бас мүйізді ірі қара, 225 479 бас ұсақ мал, 15 205 бас ешкі, 29 404 бас жылқы, 14 937 бас түйе, құс 26 692 басты құрады.
Созақ ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылған.
«Ran Agro» кооперативі ет өнімдерін қайта өңдеу цехы. 24 миллион теңге.
«Аманжол Ш» шаруа қожалығы 14,5 миллион теңге. (Donfeng-904 тракторы)
«Әйгерім» шаруа қожалығы 14,5 миллион теңге. (Donfeng-904 тракторы)
«Сый табақ» кооперативі ет өнімдерін қайта өңдеу цехын ашу мақсатында несие алу үшін құжаттары «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды.
«Қайнар 1» кооперативі жаңа техникасын алуға несие алу үшін құжаттары «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды.
«Хақназар» шаруа қожалығы жаңа техникасын алуға несие алу үшін құжаттары «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды.
«Құмкент» кооперативі жаңа техникасын алуға несие алу үшін құжаттары «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не тапсырылды.
«Жер аманаты» жобасы бойынша Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер — 831 581 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 84 157 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) — 1 888 964 гектар, орман қорының жерлері — 1 034 898 гектар, су қорының жерлері — 3 245 гектар, елді мекендердің жерлері — 261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 799 гектар.
«Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 15 000 мың гектар жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2024 жылдың 12 айында 15 075,1 гектар жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.
Инфрақұрылым туралы да тоқтала кетсек. Аудан көлеміндегі 10 ауылдық округ пен 2 кенттегі 33 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 33 елді мекеннің 29 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 4 елді мекенге (Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдақ) кестемен берілуде.
2023-2024 жылдар аралығында Балдысу, Қарабұлақ, Басбұлақ, Сызған, Сарыжаз елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Созақ, Шақырық, Қаратау елді мекендеріндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізіп, тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылдың шілде айында мердігерлер анықталып құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Нысан 2025 жылға өтпелі.
«Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде жолдарды жақсарту мақсатында 2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 748 миллион 897 мың теңге қаржыға 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысы төселіп, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген 435 миллион 827 мың теңге қаржыға 21,2 шақырымдық 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселіп пайдалануға берілді.
Табиғи газбен қамту бойынша да бірқатар тірлік атқарылып жатыр. «Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2019-2023 жылдар аралығында 2 миллиард 766 миллион 570 мың теңге қаржы бөлініп, 2019-2023 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% тасталған. Газды қабылдау құрылғысы орнатылды. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. Электр желілері жүргізіліп, ВОЛЬС кабельдері тартылды.
Сонымен қатар, 2024 жылға 971 миллион 221 мың теңге (Ұлттық қордан – 411 миллион 221 мың теңге, облыстық бюджеттен – 560 миллион теңге) бөлінді.
«Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» нысанына табиғи газ қосу үшін Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы №18 «Шалдар» автоматтандырылған газ тарату стансасынан (Жаңатас қаласы бұрылысынан) «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырына қосылу қарастырылған.
Осыған байланысты аталған нысанның монтаждау жұмыстары 2025 жылы аяқталған жағдайда, Созақ ауданы тұрғындары табиғи газбен қамтылады.
Сондай-ақ, аудан орталығы «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2021-2024 216,6 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3 200 абонентке газ құбыры жүргізілді.
Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша 2023 жылы аудандық бюджеттен 30 миллион 671 мың теңге қаржы бөлініп, Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылды.
Көшелерді жарықтандыру бойынша 2024 жылға аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округтегі (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент) 57 көшеге 425,5 миллион теңге бөлінді. 2025 жылы елді мекендерді жарықтандыру 100% орындалады деп жоспарланып отыр.
Құрылыс саласы бойынша
Аудандық бюджеттен бірқатар нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар:
Қарақұр ауылынан кіші жабық футбол алаңының құрылысы (жоба құны: 106,9 миллион теңге).
Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты (жоба құны: 159,9 миллион теңге).
Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орын (жоба құны: 174,6 миллион теңге).
Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орын (жоба құны: 172,1 миллион теңге).
Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орын (жоба құны: 265 миллион теңге).
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы ветеринария саласы бойынша «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына 2024 жылы – 175 миллион теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда барлық обьектілердің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2024 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2025 жылға өтпелі бірқатар құрылыс нысандары бар.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ұлттық қордан 2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы басталды (жобаның құны 1 миллиард 924 миллион теңге) 2023 жылға ұлттық қордан 300 миллион теңге қаралып, игерілді. 2024 жылға 1 миллиард 200 миллион теңге қаржы қаралған. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, Шолаққорған ауылы, Жеткіншек мөлтек ауданынан жеке құрылыс салушы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 1 қабатты 2 пәтерлі 24 тұрғын үйдің (48 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізіліп тұрғын үйдің кезегінде тұрған 4 санаттағы азаматтарға беріліп, тапсырылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Шұқырой су қоймасына құятын ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Үлкен Қарақуыс арнасына механикалық тазалау жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айының 3-і мен 9-ы аралығында жүргізілді.
Үштөбе су қоймасының бас құрылымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Торлан су қоймасындағы бұзылған қашыртқыны қалпына келтіру жұмыстары толықтай аяқталды.
Жамбыл облысынан келіп жатқан Шу өзенінің суы, ауданымызға мөлшерден тыс тастауына байланысты, өндіріс орындарынан техникалар алдырып, Жуантөбе ауылдық округінен 2 шақырым бөгетті биіктетіп, су тасқынының алдын алу және жою жұмыстары жүргізілді.
Демеушілер есебінен атқарылған жұмыстарды да тізбелей кетсек.
«Инкай» БК ЖШС-нің демеушілігімен:
Т.Әубәкіров көшесін жарықтандыру (4 миллион 849 мың теңге),
Ә.Жангелдин көшесін жарықтандыру(4 миллион 240 мың теңге),
«КАТКО» БК ЖШС-нің демеушілігімен:
Руханият көшесін жарықтандыру (12 миллион 983 мың теңге),
Т.Тоқбергенов көшесін жарықтандыру (7 миллион 470 мың теңге),
Ж.Қарғабаев көшесін жарықтандыру (4 миллион теңге),
Б.Бәшімұлы көшесіне балалар ойын алаңымен футбол алаңын салу (32 миллион теңге),
Теріскей саябағынан балалар ойын алаңымен футбол алаңын салу (32 миллион теңге),
Жартытөбе ауылынан балалар ойын алаңшасымен кіші футбол алаңшасын салу (27 миллион теңге),
Көкжиек көшесіне көше жарықшамдарын орнату (12 миллион теңге),
Иманбекұлы, Т.Әубәкіров көшелерін жарықтандыру (9 миллион теңге),
Шу ауылы жайылымынан артезиан құдығын қазу (20 миллион теңге),
Қыземшек кентінен балалар ойын алаңшасын ағымдағы жөндеуден өткізу (8,5 миллион теңге),
Тасты ауылының ішінен ауыз суға артезиан құдығын қазу (20 миллион теңге),
Тасты ауылы жайылымынан артезиан құдығын қазу (20 миллион теңге),
«КазФосфат» ЖШС-ның демеушілігімен:
Абай, Ш.Уәлиханов, Жамбыл көшелеріне жарықтандыру жұмыстары,
Әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасының тұрғын үйлерінің ескі шатырларымен терезелерін ауыстыру,
Бабата елді мекенінен көше жарығын жүргізу (2 миллион теңге) жұмыстары жүргізілген
Сонымен қатар, 2024 жылы облыстық мәслихаттың депутатының демеушілігімен ауданда тазалық пен коммуналдық қызметтің сапасын арттыру мақсатында 5 дана жаңа Беларусь 801 маркалы тракторларын ел игілігіне пайдалану мақсатында тарту етті.
Білім саласында атқарылған шаруалар хақында. Аудан бойынша 35 мектеп, 38 балабақша жұмыс атқаруда. (17 мемлекеттік, 21 жекеменшік).
2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 1 536 бала 1-ші сыныпқа қабылданып, жалпы 15 523 оқушыны құрады. Оқу жылында аудандағы жалпы орта білім беретін мектептерді 974 түлек аяқтады (ЖОО-ға – 809, грант — 420, ақылы — 390, АО-ға — 109, грант — 61, ақылы — 48, оқуға түспеді — 37, әскерге кетті — 17, қайтыс болды — 1). 62 оқушы «Алтын белгі» белгісін алса, 80 оқушы үздік аттестат иеленді.
Аудандағы 38 балабақшада 4 171 бала тәрбиеленуде. (мемлекеттік балабақшалардағы — 2 480 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1 691 бала).
Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 99,6%-ды құраса 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрап отыр.
2024-2025 жаңа оқу жылында жалпы 6 902 бала ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде 1-4-ші сынып оқушылары — 5 877 бала.
Мектептерге бейнекамералар орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.
Аудан бойынша 3 мектепте оқушылар тасымалы ұйымдастырылған (Абай атындағы ЖББМ, Ғани Мұратбаев атындағы ЖББМ және Жамбыл атындағы ШЖЖББМ). Үш мектепке «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 3 заманауи автобус алынып берілген. Қазіргі таңда 92 бала тасымалданып оқытылады.
Жұмыспен қамту саласына келсек, Ұлттық жобалар шеңберінде 4 591 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 113 пайызға орындалды. Оның ішінде ұлттық жобалар аясында 84 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 2024 жылы 90 жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы бойынша 1 321 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 1 478 жұмыс орны ашылды. 1 278 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 12 айдың қорытындысына сәйкес 1 948 адам жолданды. Меже толығымен орындалды.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес, 750 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 12 айдың қорытындысына сәйкес 766 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды.
2024 жылы 6 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 216 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.
Мәдениет саласы туралы. Созақ ауданында қазіргі таңда 40 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Олар 17 мәдениет үйлері мен клубтар болса, 23-і кітапханалар.
2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін 4 мәдениет мекемесіне аудандық бюджеттен қаржы бөлініп жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мыңжылқы мәдениет сарайының жылу жүйесіне жөндеу
Қаратау ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйесіне жөндеу
Бабата ауылдық клубына жаңа жылу жүйесі орнатылды
Ақсүмбе ауылдық клубына жаңа жылу қазандығы орнатылды және ағымдағы жөндеу.
Спорт саласындағы атқарылған тірліктер жайлы. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 148 спорттық нысан жұмыс істейді.
2024 жылы аудан аумағында 6 балалар ойын алаңшасы, 8 кіші футбол алаңшасы салынған.
Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны бүгінгі таңға 24 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жетті.
Шолаққорған ауылынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.
Денсаулық саласына келсек. Аудан халқына 28 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. (1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 МСАК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 13 МП).
Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі түрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.
Туберкулезден болған өлім көрсеткіші 2023-2024 жылы тіркелмеді.
Денсаулық сақтау саласының әрбір көрсеткішін төмендету бойынша алдын алу шаралары атқарыла беретін болады.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды айта өтейік. Елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы өтуде.
Осы шараны іске асыру барысында желтоқсан айында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Шолаққорған-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 185 миллион 984 мың теңгеге 7 арнайы техника, «Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына аудандық бюджеттен 553 миллион 681 мың теңгеге 20 арнайы техника сатып алынды.
Ал «Шолаққорған-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына төмендегі техникалар сатып алынған.
Қ/с | Автотехника атауы | Бағасы (мың теңге) |
1 | Экскаватор погрузчик «JCB 3CX» | 55 миллион 300 мың теңге |
2 | Манипулятор («КамАЗ» 65117-6010-50 дооборудованный) | 52 миллион 870 мың теңге |
3 | Газель («ГАЗ-А22R35» удлиненный борт/тент) | 13 миллион 544 мың теңге |
4 | Ассенизатор машина («JAC N90» Вакуумная цистерна) | 24 миллион 900 мың теңге |
5 | «GHANGAN HUNTER PLUS» | 15 миллион 390 мың теңге |
6 | Экскаватор цепной («Беларус 82.1», «Траншеякопатель ДЭМ-150») | 16 миллион 840 мың теңге |
7 | «Lada Niva Nravel» | 7 миллион 500 мың теңге |
Барлығы | 185 миллион 984 мың теңге |
«Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сатып алынған техникалар төмендегідей:
Қ/с | Автотехника атауы | Саны | Бағасы (теңге) |
1 | Колесный погрузчик «LONKING» | 1 | 28 миллион 446 мың теңге |
2 | Cамосвал «Shacman 6×4» | 1 | 33 миллион теңге |
3 | Ассенизатор на базе «DONGFENG» | 1 | 25 миллион теңге |
4 | Бульдозер гусеничный «Shantui» | 1 | 51 миллион 870 мың теңге |
5 | Комбинированный дорожный машина КО-823 на шасси «КАМАЗ 65115» (поливомоечная, снегоуборщик) | 1 | 68 миллион 750 мың теңге |
6 | Мусоровоз с боковой загрузкой КО-440-7 с базовой шасси «КАМАЗ-43253» | 1 | 58 миллион теңге |
7 | Трактор Беларус-922,3 | 12 | 203 миллион 400 мың теңге |
8 | Мусоровоз с задней загрузкой «KADEME» 16 куб на шасси «КАМАЗ 53605» (4×2) | 1 | 51 миллион 300 мың теңге |
9 | Экскаватор-погрузчик «SDLG» | 1 | 33 миллион 915 мың теңге |
Барлығы | 20 | 553 миллион 681 мың теңге |
Аудан орталығының аумағы 5 секторға бөлініп, ондағы 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілді.
Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеттері отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 4,5 шақырымға артып 10 500 дана қара тал егілді.
Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды.
Қазіргі таңға дейін 405 шақырым ішкі көше бойлары тазаланып, 285 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар және 77,4 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар тазаланды.
33 аялдама сырланып, қалпына келтірілді.
27 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді.
Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 13 050 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылуды.
Осылайша барлық мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді.
Жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақыттада да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.