
Бүгін азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Іс-шара аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.
Бұл акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымының, “Параграф” ақпараттық жүйесінің, Республикалық адвокаттар алқасы мен кәсіби заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен өткізілді.
Акция барысында тұрғындар Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мен адвокаттар, заң консультанттары мен нотариустар, жеке сот орындаушылары және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес алды.
Аудан бойынша бұл шараға 59 тұрғын қатысып, жер мәселесі, отбасылық даулар, мұрагерлік құқық, несиелер, жол-көлік оқиғалары және басқа да әлеуметтік маңызды сұрақтар бойынша өздерін толғандырған мәселелерге заңгерлік жауап алды.
Еске салайық, мамырдың 26-сына Созақ ауданы тұрғындарының назарына «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық аудан, қалаларында әзірленуде.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 30 мамыр күні сағат 11-00 де Қазақстанның барлық аудан, қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтетін хабарлаймыз.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Акция Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Қожанов көшесі №100 ғимарат, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекенжайында өтеді» деген тұрғыда хабарландыру жасалған болатын.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.