Түркістан облысы: Созақ ауданында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа демалыс орнын салып берді

Нақтырақ айтсақ, Созақ ауылында «Созақ» мектеп-гимназиясының 20 жылдық түлектері туған жерге тағзым ретінде игі іске ұйытқы болып, ел игілігіне ерекше тарту жасады.

Олар ауылдың орталық алаңынан бастау алатын серуен жолы мен жайлы демалыс орны – “Арбатты” салып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады.

Жаңа демалыс орнының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, түлектерге деген ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғарев туған ауылына жанашырлықпен қарап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан түлектердің бастамасын жоғары бағалады.

Шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да қатысып, жүрекжарды тілектерін айтып, түлектерге ақ баталарын берді.

 «ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You