Түркістан облысы: Созақ ауданында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері талқыланды

Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакировтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдаудың нәтижелері бойынша жиын өтті.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округтер мен кент әкімдері, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің мамандары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Жиында аудан әкімінің аппаратына қарасты заң бөлімінің басшысы Ұлжан Шекеева ішкі талдаудың нәтижелері туралы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен тоқталды.

Мәжілісті қорытындылаған Абдуахат Бакиров мемлекеттік қызметшілерге өз лауазымдық міндеттерін адал әрі үлгілі атқару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте тиімді әрі нәтижелі жұмыс жүргізу арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 «ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You