Түркістан облысы: Созақ ауданының ауыр салмақтағы спортшысы чемпион атанды

21-25 мамыр аралығында Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Созақ ауданының спортшысы Акбар Елубай 94+ салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Спортшы алғашқы белдесуінде жапониялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда Палестина спортшысымен кездесіп, финалға жолдама алды. Шешуші ақтық сында Таиланд спортшысымен күш сынасты. Қылқындыру әдісімен таза жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Ел мерейін үстем етіп, көк байрағымызды көкке желбіретті.

Тарқата кетейік, джиу-джитсу (жапон. 柔術) — жапонның қарусыз өзін өзі қорғану өнері.

Ортағасырлық жапонияда джитсу терминімен қолданбалы техника аталған. Джиу-джитсу сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл күрес пен өзін өзі қорғаудың әмбебап өнері. Қазіргі кезде джиу-джитсу көпшілік жапон жекпе-жек өнері секілді спорт түріне айналды. Джиу-джитсу халықаралық федерациясы құрылып, жарыс ережесі жасалды.

Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы (ҚДҰФ) 1992 жылғы 26 ақпанда құрылып, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Жауынгерлік өнердің осы түрі бойынша Қазақстанның Бірінші Чемпионаты 1993 жылы 15-16 қарашада Байқоңыр қаласында өткізілді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Джиу-джитсу ұлттық федерациясы ҚР 12 чемпионатын және 9 халықаралық турнир өткізді. Джиу-джитсу бойынша ҚР құрамасы мүшелері шетелде жекпе-жек өнері бойынша өтіп жатқан көптеген чемпионаттар мен турнирлерге қатысты. 1998 жылдан 2006 жыл аралығында ҚР-ның 18 шебері, 3 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды.

Джиу-джитсу — шығыс халықтарының жекпе-жек спорт түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Джиу-джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына дүлей қара күшті қолданбай, оның шабуылшының бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан айыруға содан кейін барып әдіс қолдануға немесе соғуға болатындығында. Д.-дмен айналысушы адамның психикасын анатомияның биофизиканы жақсы білуге тиіс.

Джиу-джитсу жарысы 12×12 метрлік күрес кілемі үстінде өтеді. Кілемнің шеті қабырғадан 1 метр қашық болуы тиіс.

Жарыс турнирі Наге-ваза (Тачи-ваза) және не-ваза деп аталады. Олар жеке спортшылардың шеберлік дәрежесіне және салмақ дәрежелеріне қарай бөлінеді. Джиу-джитсудан жарыс кезінде мынадай атаулар қолданылады: қой-дайындал, хаджиме-бастаңдар, яме-тоқта, матте- бәсеке тоқтатылып бұрынғы қалып сақталған жағдай, осаекоми-қысу, ұстасу, -тохета-ұстасуды тоқтату, иппон-бір ұпай, вазари-жарты ұпай, вазари авазетта илпен-қосымша жарты ұпай, хиккавека-тең жекпе-жек, хантей-аға төрешінің қаталдығы төрешілерден пікірлерін сұрау, чуй-ескерту. Бәсеке 3 минутқа созылады, егер осы уақыт аралығында спортшылардың ешқайсысы артық ұпай ала алмаса, онда кілемдегі төрешінің рұқсатымен жекпе-жекті жалғастыруға қосымша уақыт берілуі мүмкін.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You