Түркістан облысы: Созақ ауданының орталығында жаңа сауда орталығы ашылды

Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында жаңа «Ғажайып» сауда орталығының ашылу салтанаты өтті.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жиналған қонақтар мен ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Бұл бастама кәсіпкерлік саласын дамытуға және тұрғындарды сапалы қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған игі қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов сөз сөйледі. Жаңа орталықтың халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Екі қабаттан тұратын «Ғажайып» сауда орталығының жалпы аумағы 1584 шаршы метрді құрайды. Нысан жергілікті кәсіпкер Ержан Айтжановтың жеке бастамасымен бой көтеріп, 15-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сауда орталығында азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар қолжетімді бағамен ұсынылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалған.

Сонымен қатар бүгін 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов және аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалының Тасты-Шу топтасқан су жүйесі бөлімшесінің қызметкерлерін қабылдып, сала кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қабылдау барысында су саласының мамандарына алғыс хаттар мен естелік сый-сияпаттар табысталды. Тынымсыз еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтіп, жауапты міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқан мамандарға алғыстарын жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You