Түркістан облысы спортшыларының өткен аптадағы жетістіктері қандай?

Шынын айту керек, өткен апта Түркістан облысы спортшылары үшін табысты болды. Өңір мақтаныштары халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарды иеленді. Енді санамалап тарқатып көрсек.

Универсалды жекпе-жектен (Унифайт) Азия чемпионаты

10-15 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен унифайттан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:

Қ. Күмісбек – 40 келі, 2-орын;

Қ. Абилхан – 45 келі, 2-орын;

Н. Сабыр – 60 келі, 3-орын;

А. Тілеубек – +95 келі, 1-орын;

Н. Абдулла – 80 келі, 1-орын;

Б. Бақтиёров – 85 келі, 1-орын;

Д. Құрманбек – +80 келі, 1-орын;

К. Алпысбай – 57 келі, 1-орын;

Е. Абдубай – +52 келі, 1-орын;

А. Нұрланқызы – 52 келі, 1-орын;

Қ. Анарбек – +62 келі, 1-орын;

А. Салсалбек – 65 келі, 1-орын.

Грек-рим күресі

19-21 шілде күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен “Polyák Imre & Varga János Memorial” рейтингтік халықаралық турнирінде 57 келі салмақта Раймова Нилуфар қола жүлдені жеңіп алды.

Еркін күрес

15-18 шілде аралығында Будапештте өткен ересектер арасындағы халықаралық турнирде Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құраманың мүшесі Есенгелді Асылжан 61 келі салмақта үшінші орын иеленді.

Дзюдо

12-13 шілде күндері Тайпей (Тайвань) қаласында өткен Ашық Азия кубогында 90 келі салмақта Хамза Дидар қола жүлдегер атанды.

Каратэ (WKF)

10-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен “Kazakhstan Open” халықаралық турнирінде Түркістан облысының каратэшілері үздік нәтиже көрсетті:

Айзере Абдрасил – 1-орын

Елнұр Түребек – 1-орын

Гүлмира Үсенова – 1-орын

Кәсіпқой бокс

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, облыстың үздік спортшысы Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You