Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы ауыл тұрғындары тазалық шарасын дәстүрге айналдырып отыр

Бүгінде Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы ретте, аудандағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Мәдени елді мекенінде тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Жалпы саны 500-ге жуық тұрғын қатысқан сенбілікте саябақтар мен мешіт маңы, көше бойлары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ағаштар бұталып, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Нәтижесінде, жиналған қоқыс 7 техниканың көмегімен арнайы орынға жеткізілді.

Шара тек қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған. Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарынан кейін арнайы қазанға ыстық тағам дайындап, бірлігі мен ынтымағының үлгісін көрсете отырып, үлкен дастарқанда бас қосты. Дәстүрге айналған жиынды әр көше кезегімен ұйымдастырып, татулықтың туын көтеріп келеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You