Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерьлері алғашқы ауысымға балаларды қабылдады

Сонымен, Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Лагерьлер бірінші ауысымға оқушыларды қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” жазғы сауықтыру лагерлерінде мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып, сауықтырылуда.

Оның ішінде, облыстық бюджеттен Сайрам ауданындағы “Болашақ” лагеріне жергілікті 314 бала тынығып жатыр. Ал Бәйдібек ауданындағы “Тау шыңы” лагерінде 120 бала алғашқы ауысыммен демалуда. Кентау қаласындағы “Үркер” лагерінде Арыс қаласынан 300 бала, Ордабасы ауданынан 300 бала жазғы сауықтырудан өтуде. Басқа сауықтыруға арналған балалар лагерлері кезең-кезеңімен демалыс маусымды бастап, балаларды кестеге сәйкес қабылдайды.

Бірінші ауысым 2 маусымнан 12 маусымға дейін жалғасады. Жалпы оқушылар 7 ауысым бойынша 10 күннен демалады.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды.

Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лагерьде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биыл жекеменшік лагерьлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы, өңірдегі 10 мемлекеттік және келісімшарт түзілген жеке меншік лагерьлерде 35338 бала демалады.

Бүгін Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «Urker» жазғы сауықтыру лагеріне алғашқы ордабасылық оқушылар легі аттанды. Жазғы сауықтыру лагеріне бұл жолы Ордабасы ауданындағы Амангелді, Шоқан Уәлиханов, Темірлан, С.Нұрмағамбетов, Бәйтерек, С.Ысмайылов, Н.Оразбаев және Жусансай жалпы білім беретін мектептерінен 300 оқушы жолдама алып, жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алды.

Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп келе жатқан бұл шара биыл да өз жалғасын табуда. Жергілікті білім бөлімі балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөліп келеді.

Жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Лагерлерде балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері оқушылардың жақсы демалыс өткізуін толық қамтамасыз етеді.

Еске салайық, Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

Облыстағы 1-10-шы сыныптарда білім алатын 439 мыңнан астам оқушының 93,5% жазғы демалыспен қамтылады. Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лагерьде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биыл жекеменшік лагерьлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісім шарт түзілген жеке меншік лагерьлерде 35338 бала демалатын болады. Мемлекет тарапынан бір балаға 59 077 теңгеден бөлінеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала жазғы лагерьлермен қамтылады. Туристік 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 129 оқушы барады деп жоспарлануда» — деді спикер.

Орайы келгенде сүйінші ақпаратпен бөлісе кетейік. Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Білімге деген құлшынысы мен табандылығының арқасында жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды.

Атап айтқанда, ол «John Cabot University» (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, «American University of Paris» (Франция) университетінен 70% оқу грантына, «LCC International University» (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ «Xiamen University Malaysia» университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алды.

Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық.

Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің «Türkiye Bursları» халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы «American University in Bulgaria», сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You