
Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і — жас балалар. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.
«Жалпы, облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі — арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде 70-ке жуық ашық жағажай ашу жоспарлануда. Одан бөлек, өңірімізде аквапарк салу мәселесі де басты назарда тұр.
Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 742 рет рейд жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртіп бұзған 53 азамтқа 730 миллионға жуық айыппұл салынды. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын», — деді сала басшысы.
Түркістан облысында рұқсат етілген шомылу орындарының саны екі есе артты
Міне, осыны ескере отырып, Түркістан облысында жаз мезгілдерінде шомылуға рұқсат етілген су айдындарының саны екі есе артты. Түркістан облысы әкiмі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің санын арттыруды, сондай-ақ сол аумақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда шомылу маусымына рұқсат етілген су объектілерінің саны 49-ға жетті.
Мамандар суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тұрғындар мен қонақтарды тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырады.
Айта кетейік, өңірде құзырлы мекемелер тарапынан су айдындарында рейд жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 657 рет рейд жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 32 жеке тұлғаға 440 384 теңге айыппұл салынған.
Қауіпсіздік демекші, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымді іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға және қалыптастыруға, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсінуге, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Аталған іс-шара балалар мен ата-аналарды қауіпсіздік пен жақсылыққа арналған жарқын және балаларға қызықты, пайдалы, әрі керемет көңіл-күй сыйлайтынына сенімдіміз. Бұл күн бізге ең басты құндылық балалық шаққа деген қамқорлықты еске салады.
Бүгінгі іс-шарада құтқарушылар балалар үшін түрлі сайыстар, шеберлік сабақтар, флешмоб, көңілді концерттік бағдарлама және нағыз батырлардың қызметімен таныстырады.
Құрметті балалар және жас бүлдіршіндер, сіздер — еліміздің болашағысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен адал достар тілейміз. Жазғы демалыстарыңыз шаттыққа толы жарқын сәттермен есте қалсын. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде судың жанында, табиғатта және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.