Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

30 мамыр күні, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де, Түркістан облысының барлық қала және аудандарында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар мен нотариустар, прокурорлар мен тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мамандар бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. «Халық заңгері» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және қарапайым қазақстандықтардың алғысына ие болуда.

Бұл акцияның форматы мен географиясы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ауқымы жағынан теңдесі жоқ.

2025 жылғы 30 мамырда Түркістан облысы бойынша «Халық заңгері» республикалық акциясы өтетін қала және аудандардағы орындар:

  1. Арыс қаласы – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», Арыс қаласы, Қонаев даңғылы № 9А;
  2. Кентау қаласы — «Жастар ресурстық орталығы», Кентау қаласы, Абылайхан көшесі №10;
  3. Түркістан қаласы — «Фараб» кітапханасы, Түркістан қаласы, Б.Батырбеков көшесі №13;
  4. Жетісай ауданы — Қалалық әкім аппараты жанындағы аллея, Жетісай қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі №26;
  5. Мақтаарал ауданы — «Жастар ресурстық орталығы», Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі, №81;
  6. Шардара ауданы – «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», Шардара қаласы С.Әшіров көшесі №38;
  7. Келес ауданы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Келес ауданы, Абай ауылы Тұрар Рысқұлов көшесі №82А;
  8. Сарыағаш ауданы — «Жеңіс» саябағы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі нөмірсіз үй;
  9. Қазығұрт ауданы – «Кәсіпкерлік мектебінің фронт офисі», Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2;
  10. Төлеби ауданы – «Мәдениет үйі», Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №237;
  11. Сайрам ауданы – «Құрманбек Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі», Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы;
  12. Ордабасы ауданы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі №228;
  13. Бәйдібек ауданы – «Жастар ресурстық орталығы», Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі №53;
  14. Созақ ауданы – «Жастар ресурстық орталығы», Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Сұлтанбек Қожанов көшесі №100;
  15. Сауран ауданы – «Мәдениет үйі», Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі №20;
  16. Отырар ауданы – «Халықтық кеңсе орталығы», Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25,
  17. Түлкібас ауданы – «Халықтық кеңсе», Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201.

Иә, заң — өркениетті қоғамның ажырамас маңызды түйіні. Адамзат баласының алға басқан қадамын жебейтін тірегі, жаңа дәуріге аяқ басқалы жер шарын бірқалыпта ұстап тұрған жүрегі. Заңы кемелді, құқықтық мәдениеті дамыған елде нағыз демократия орнайды. Заңның үстемдігін қалыптастыру және қорғауды халықтың құқықтық мәдениетін өсіруден бөліп қарауға келмейді. 

Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Сонда ғана демократиялық және құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік туады. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.

Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие қашаннан басталады. Елімізде жетілген Конституция бар. Ата заң азаматтардың құқығын қорғауға, нағыз демократиялық қоғам құруға толық мүмкіндік береді. Ендеше, осы заңның рөлін күшейтіп, оның қоғамда нақты жүзеге асуын қадағалау үшін де халыққа құқықтық тәрбие керек. Елдегі демократияны барынша жетілдірудің, заңның үстемдігі арттырудың және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңыздылығы жоғары.

Елімізде құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңыз жоғары екенін айттық. Демек, жеке тұлғалардың құқықтық мәдениеті мен құқықтың санасын қалыптастырудың маңызы зор деп білеміз.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You