Түркістан облысында мал азығын даярлау жұмысы мен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес қарқынды

Түркістан облысында 6 миллион төрт түлік тіркелген. Мал басының жылдан-жылға ұлғаюына орай, жем-шөпке сұранысты қамтамасыз ету үшін малазықтық дақылдарға басымдық берілуде.

Биыл малазықтық дақылдар 227 мың гектарға егілді, ол – жалпы егістіктің 25 пайызы. Агроқұрылымдарға мал азығы дақылдарын еккені үшін және мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде.

Аталған мәселе облыс әкімдігінде арнайы талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне малазықтық дақылдарды даярлау бойынша жоспар әзірлеп, мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, өткен жылы өңірде 1,5 жылдық қорды қамтамасыз ету мақсатында 5,5 миллион тонна мал азығы жиналған. Атап өтетін жағдай, қыс мезгілінің мал шаруашылығына жылы, қолайлы болуына байланысты, алдын ала есеп бойынша өткен жылдан 1,9 миллион тонна мал азығы қоры сақталған. Биыл ауа райы қолайсыз болғандықтан, бұл бағыттағы жұмысты ширату қажет. Осы орайда, мал азығы тапшылығын шешу жолында қысқа мерзімдік, орта және перспективалы мерзімдерге жоспарлар дайындалып, ұсынылмақ. Оның ішінде кебек бөлу ісін жүйелеу, су үнемдеу технологияларын енгізіп, малазықтық дақылдар көлемін арттыру көзделген.

Мәжілісте шегіртке зиянкесіне қарсы күрес барысы да талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, жағдай тұрақты. Дегенмен босаңсуға жол жоқ, көршілес ел мен облыстан зиянкестердің ұшып келу қаупі бар. Аудан, қала әкімдеріне жағдайды бақылау тапсырылды.

Айта кетейік, бүгінде облыста 700 мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өткен. Оның ішінде, 638 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 64 мың гектар ұшақпен, 2 мың гектар аспалы бүріккіштермен және 1 мың гектар алқап дронмен өңделді.

Иә, биыл облыста аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 700 мың гектардан асты. Оның ішінде, 632 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 64 мың гектар ұшақпен («АН-2»), 2 мың гектар аспалы бүріккіштермен және 1 мың гектар алқап дронмен өңделді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласында кезекті штаб отырысын өткізіп, Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмысының есебін тыңдады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Отырар, Төлеби, Сауран аудандарында алқаптарды дәрілеу қарқын алды.

Ордабасы ауданында ошақтар толық жойылып, аймақтарды тазалау жалғасуда. Келес, Сарыағаш, Арыс аумақтарында ауданаралық шекаралардың бойына техникалар жұмылдырылған. Ал, Қазығұрт, Шардара аудандарына егістіктерді зиянкестен қору бойынша кезекшілікті күшейту ескертілді.

Химиялық өңдеуге жұмсалған препарат 100 тоннадан асты. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 192 мың гектарда (аумақтық инспекция – 192,0 мың гектар), жергілікті бюджет арқылы 180 мың гектар және аудан, қаладағы кәсіпкерлердің демеушілігімен 300 мыңнан астам гектар жерде жұмыс жүрді.

Облыс әкімінің орынбасары жұмыстарды осы қарқынмен жалғастыруды тапсырды. Кезекші техникалар тәулік бойы ауыссыммен жұмысын жалғастыруы тиіс. Бақылаулышарға азаматтардан түскен кез-келген хабарламаны шұғыл назарға алып, өзектілігі мен қажеттілігін саралап, мезгілінен кешіктірмей тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You