Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейд ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімінің 2025 жылғы 3 ақпандағы №26 хаттамасының 1.2-тармағына және бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мен Сауран ауданының прокуратурасы, Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында» бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді.

Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қамтамасыз еткен арнайы дрон құрылғысының көмегімен Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі Шоқтас елді мекенінде орналасқан Құрсай өзені бойында жер пайдалануға құқық беретін лицензия немесе келісімшартсыз жер қойнауының қыртысын бұзып кең таралған (құмды қиыршық тас) қазба байлықты заңсыз тиеп, алып бара жатқан төрт ауыр жүк көлігі анықталды.

Сонымен бірге Сауран ауданындағы Жаңа Иқан ауылдық округінің Иба ата елді мекенінде жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқан екі ауыр жүк көлігі ұсталды. Аталған ауыр жүк көліктері мен дәлелдемелік заттар Сауран ауданында орналасқан арнайы айып тұрағына қойылды.

Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты материалдар топтамасы жинақталып, олардың тиісті жауаптылығын қарастыру үшін процестік шешімдер қабылданады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You