
Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында жылу беру маусымында өрттің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, тұрмыста жиі кездесетін өрт қауіптері және төтенше жағдайда әрекет ету ережелері түсіндіріліп жатыр. Мамандар қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын сақтауға шақырады және әрбір азаматтың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын ескертеді. «Өрттің алдын алу — қауіпсіздіктің кепілі!», — дейді мамандар.
Осы ретте жұртшылықтың назарын жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне аударсақ, артық болмас.
- Пешті пайдалану кезінде:
- Пешті пайдаланар алдында оның түтін шығару арналары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
- Пештің түтін шығару тесіктері жақсы тартуы керек, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
- Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт, т.б.) қолдануға тыйым салынады.
- Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) орнату қажет.
- Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
- Пешті түнде және үйден шығар алдында жағуға болмайды.
- Электр жылытқыштарды пайдалану кезінде:
- Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
- Электр сымдары зақымданбаған, штепсельдері мен розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.
- Электр жылытқышты жанғыш материалдар мен жиһаздарға тым жақын қоюға болмайды (кемінде 1 метр қашықтықта).
- Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыны қосуға болмайды.
- Құрылғыны қосулы күйде қалдырмаңыз, ұйықтар немесе үйден шығар алдында міндетті түрде өшіру керек.
- Газбен жылыту кезінде:
- Газ құрылғыларының герметикалығын және тартуын үнемі тексеріңіз.
- Газдың иісі білінсе, жарық пен электр құралдарын қоспай, дереу газ қызметіне хабарласыңыз.
- Газ плитасын немесе жылытқышты ашық күйде қалдыруға болмайды.
- Жалпы қауіпсіздік шаралары:
- Әр үйде өрт сөндіргіш құрал (өртсөндіргіш) және құм не су құйылған шелек болуы тиіс.
- Балаларға отпен ойнауға, сіріңке немесе шам жақпауға үйретіңіз.
- Қатты жел, аяз немесе электр желісіндегі ақаулар кезінде пеш пен жылытқыштарға ерекше назар аударыңыз.
- Өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
