Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі «Рухани құндылықтар – ұрпаққа ұлағат» атты тағылымды кеш өткізді

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Рухани құндылықтар –ұрпаққа ұлағат» атты тағылымды кеш өтті.
Балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовпен кездесу өткізіліп, кітаптары таратылды.  Бұл іс-шараға қазақ эстадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі арнайы қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әншінің кішкентай фанаттары онымен бірге ән шықрап, суретке түсті. 
Эстранда жұлдызы да кішкентай жетісайлықтарға көтеріңкі күй сыйлау үшін аянып қалмады. Кішкентай тыңдармандырының сүйікті әндерін шырқап берді. Өнерлі балақайлар да әншімен бірге ән салып, өз өнерлерін ортаға салды. 

Мереке барысында балаларға тегін балмұздақтар таратылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 
Ad Widget

Recommended For You

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.