
Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу төмендегідей болмақ:
Түркістанда күн көзінен қуат алатын мектептер санын арттыру жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады.
Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысына алғаш рет барлық аймақтардағы мектеп директорлары қатысты. Жиынға Түркістан облысының оқу ордаларының директорлары да бой көрсетіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі жайлы сөз қозғады.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының аудан, қала адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының және облыстық білім беру ұйымдарының бос тұрған басшылары лауазымына конкурс жариялады.
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен роботехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты
ҚР Оқу-ағарту министрі Түркістанға іс сапармен келді. Алдымен аудандағы мектептер мен балабақшаларды аралап, олардың жай-күйімен танысты
Министр Асхат Аймағамбетов Түркістандық тұрғындармен, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, халық алдында есеп берді. Азаматтық жеке қабылдау өткізді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандарымен де кездесіп, бірқатар мәселелер ортаға салынып, әріптестер арасында кері байланыс орнатты.
Рухани астанаға арнайы келген Асхат Қанатұлы жұмыс сапарымен Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжді де аралады. Білім ошағының кәсіптік мүмкіндіктерін байқап, болашақ маман иелерімен тілдесті.
